№3 (25)/2022 Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері


Автордың аты-жөні Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1

Ерік Болатұлы Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ ҚАҒИДАСЫН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУЫМақалада әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың белсенді рөлі қағидатын Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерде қолдану мәселелері қарастырылады. Негізгі назар осы принциптің негізгі функциясын, қолдану жүйесін анықтауға аударылады. Зерттелетін қағидатқа және оны таяу және алыс шетелдерде іске асырылуына қысқаша шолу жасалды. Судья істі әділ талқылау мақсатында соттың белсенді рөлі қағидатын ақылға қонымды мерзімде қолдануы керек деген қорытынды жасалды. Автор соттың белсенді рөлі принципінің айрықша белгісі оның тікелей әрекеті, яғни принцип декларация ретінде емес, бірыңғай мақсатта – құқықтық реттеудің ерекше құралы ретінде құрылады. Құқық қолданушы әкімшілік істі жүргізуде соттың белсенді рөлі принципін де ескеруі керек. Автор зерттелетін принцип басқарушылық әкімшілік құқық принциптерінің ерекше тобы екеніне сенімді.әкімшілік сот ісін жүргізу; әкімшілік әділет; әкімшілік сот; принциптер жүйесі; иерархия; заңдылық; лауазымды тұлғалар; жоғарғы сот.
2

Гаухар Дәулетбайқызы Байкенова

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ ӨТЕУ ТӨЛЕМІ: ҚҰҚЫҚ ӘЛДЕ МІНДЕТБұл мақалада дуальды білім беру нысанындағы өтемақы төлемдерінің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін зерттеу нәтижелері берілген. Жұмыс беруші үшін өтемақы төлемінің императивті немесе диспозитивті сипатының болуына қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізіледі. Заңнамада кейбір дәлсіздіктер анықталды, осыған байланысты бір мағыналы ұғымдық аппараттың анықтамасы теориялық және практикалық маңызға ие. Қазақстанның дуальды оқытуды енгізудегі табысты тәжірибесіне қарамастан, үшжақты келісімнің әділ балансы мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Автордың айтуынша, білім алушының еңбегіне ақы төлеу құқығын бұзу орын алады. Осыған байланысты білім алушыға төленетін міндетті өтемақы төлемін заң жүзінде бекіту қажеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Дуальды оқыту жүйесі бойынша шетел тәжірибесін келтіреді, оның ішінде Германия мен Қытай мемлекеттерінің заңнамасында дуальды оқытуды еңбек қатынастары тұрғысынан қарастыру әдетке айналған. Отандық заңнаманы талдау нәтижесінде дуальды оқыту бойынша білім алушыға міндетті өтемақы төлемін белгілеу қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.дуальды оқыту; кадрларды даярлау; білім алушының құқықтары; өтемақы төлеу; білім алушы; өндірістік оқыту; кәсіптік практика; еңбек функциялары.
3

Нұролла Ерғалиұлы Есенжолов

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ЮСТИЦИЯ МОДЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІМақала Қазақстандағы әкімшілік юстиция моделінің ерекшелігін талдауға арналған. Зерттеу арқылы әкімшілік юстицияның қалыптасуы, әкімшілік соттар мен әкімшілік сот өндірісінің жүйесі мен мазмұны қаралады. Әкімшілік юстиция мемлекеттік басқаруда атқару билігін бақылайтын және азаматтардың (ұйымдардың) құқықтарын қорғайтын құқықтық мемлекеттің ерекше институты. Сонымен бірге әкімшілік юстиция моделінің қалыптасуы мен өзектілігі мемлекеттік құрылыс пен қоғамның саяси, мәдени жағдайлармен байланысты екендігі анықталады. Зерттеуде француз, неміс, англо-саксондық әкімшілік юстиция модельдерін және олардың жекелеген элементтерін қазақстандық әкімшілік юстиция жүйесінде қолдану ерекшеліктері талданды. Әкімшілік юстицияның негізі болып табылатын әкімшілік құқық мазмұнындағы заңдылық контекстінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қарастырудың тұжырымдамалық негіздері келтірілген. Талдау барысында әкімшілік юстицияның отандық негіздерін қалыптастырудағы әкімшілік соттардағы бұқаралық құқықтық даулар мен әкімшілік құқықбұзушылық істерін ажырату негіздері көрсетілді. Бұл әкімшілік юстицияның басқару саласындағы «құқықтық мемлекет» идеясының міндеттерін басшылыққа алып, әкімшілік пен азаматтардың тең, заңдылық бойынша қарым-қатынасын бекітеді. Еліміздің германиялық модельге жақын жүйесі, ондағы әкімшілік сот пен сот өндірісінің процесуалдық ерекшеліктері, теориялық даму негіздері берілді.әкімшілік юстиция; модель; әкімшілік сот өндірісі; әкімшілік құқық; әкімшілік басқару; қағида; құқықтық дау; адам құқықтары; бақылау
4

Мереке Қонысханқызы Журунова

Айдана Нұрғалиқызы Оспанова

Ерік Болатұлы Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІҚазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге байланысты жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдау туралы талқылаулардың нәтижесінде оны әзірлеу мен дайындау жұмыстары жүргізілді. Алайда, аталған заңды қабылдаумен бірге ілеспе заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындайды. Мақалада азаматтардың банкроттығына байланысты заңнаманы бұзған субъектіге қатысты әкімшілік жауапкершілікті тағайындаудың негізділігі қарастырылған. Мақаланың мақсаты азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және банкроттыққа байланысты заңнама нормаларын теріс пайдаланумен байланысты әкімшілік жауапкершілікті тағайындаудың кейбір мәселелеріне кешенді талдау жүргізу, оны заңнамалық реттеу үшін қажетті ұсыныстар енгізу болып табылады. Азаматтардың банкроттығы мәселесінің деңгейі мен маңыздылығын көрсететін аналитикалық ақпарат, құқық қолдану тәжірибесін зерделенді, салыстырмалы талдау жасалды, сот тәжірибесі, статистикалық көрсеткіштер қаралды.азаматтардың банкроттығы; дәрменсіздік; оңалту; төлем қабілетсіздігі; жалған банкроттық; борышкер; қаржы басқарушысы; әкімшілік жауапкершілік.
5

Татьяна Ивановна Отческая

Полина Дмитриевна Шкурова

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫС ЖАСАУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ ДЕҢГЕЙІНЕ ӘСЕРІБұл мақалада Ресей Федерациясында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға қатысты мәселелер қамтылған. Авторлар ел дамуының барлық кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар әртүрлі жастағы адамдардың қылмысына әсер еткеніне назар аударады. Сонымен бірге отбасының, оқу процесінің және қоршаған ортаның әсері кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқына әсер ете алмайды. Мақалада Бас прокуратураның статистикасы, елдің Жоғары сот инстанциясының сот практикасы заң шығарушы мен құқық қорғау органдарының кәмелетке толмағандар жасайтын істер бойынша одан әрі өзара іс-қимылының маңыздылығын көрсетеді. Статистика нәтижелері кәмелетке толмағанның нәзік психикасына ақпараттық ашықтықтың теріс әсерін көрсетеді, оны заңсыз әрекеттер жасауға итермелейді. Автормен осы бағыттағы қылмыстың төмендеу перспективалары және кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау жөніндегі заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың әсері қаралды.Бас прокуратура; кәмелетке толмағандардың бейресми бірлестіктері; кәмелетке толмағандардың қылмысы; қылмыстарды қайта жасау; құқықтық ақпараттандыру; балалар қылмысының алдын алу; қылмыстың төмендеуі; әлеуметтік желілер.
6

Виктория Николаевна Руфанова

УУКРАИНАДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖАУАП БЕРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МОДЕЛІАвтор мақалада халықтың ең осал топтары: балалар, қарттар, мүгедектер, материалдық, психологиялық немесе басқа да жағдайдағы әйелдер зардап шегетін адам құқықтарын бұзудың ең кең тараған нысандарының бірі ретінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қарастырылады. Ғылыми әлемде де, құқық қолдану тәжірибесінде де пікірталастар жүргізіліп, қарастырылып жатқан құбылысқа қарсы тұру құралдары талқыланады. Мақалада осы мәселе бойынша кейбір ғалымдардың пікірлері келтірілген. Украинаның қылмыстық заңының қолданыстағы нормаларының тиімділігінің жеткіліксіздігі үйдегі зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін арнайы норманың қабылдануына әкелді. Автор қарастырылып отырған мәселе бойынша Украинаның қылмыстық заңнамасына талдау жасайды, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша қылмыстық-құқықтық шаралардың тиімділігін арттырудың оң тәжірибесін сипаттайды және олардың тиімді нысандарын анықтайды.тұрмыстық зорлық-зомбылық; қылмыс құрамы; заң; криминализация; жәбірленуші; біліктілік белгісі; сот; әрекет.
7

Вилор Башкировна Тапакова

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ НЕМЕСЕ ҚАУІПСІЗДІК: COVID-19 КЕЗЕҢІНДЕГІ ПАРАДОКСАЛДЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР (ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ)Автор мақалада COVID-19 пандемиясының бір аспектісі ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде оларды шектеу тұрғысынан жүзеге асыру мәселелерін қарастырылады. Халықаралық құқықты, шет мемлекеттердің құқықтарын, сот практикасын және бұқаралық ақпарат құралдарын талдау негізінде қалыптасқан жағдайды реттеу бойынша құрылған құқықтық және ұйымдастырушылық база қарама-қайшылықпен, «ашықтықтың» болмауымен және радикалдылықпен сипатталады деген қорытынды жасалды. Автор бірқатар елдерде билік журналистер мен медицина қызметкерлеріне қарсы санкциялар қолдана отырып, еркін пікір білдіру құқығын сақтамады деген пікірге келді. Нәтижесінде, бұл инфекцияның таралуы туралы қоғамды тиімді ақпараттандыруды шектеуге және мемлекеттің іс-әрекетіне деген сенімге нұқсан келтірді. Автор қозғалыс бостандығы мен жеке бас бостандығын толық және шамадан тыс шектеуден аулақ болу керек және жалпыға міндетті шектеулерге тек ғылыми тұрғыдан негізделген және қажет болған жағдайда және зардап шеккен халықты қолдау тетіктерінің болуын қамтамасыз ету мүмкін болған жағдайда ғана жүгіну қажет деп санайды. Ұйымдық-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған қорытындылар жасалып, уәкілетті органдарға ұсынымдар әзірленді.өмір; медициналық көмек; БҰҰ; пандемия; адам құқығы; құқық; сот; COVID-19.


Назад