№1 (27)/2023 Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері


Автордың аты-жөні Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1

Айтқазин Ерлан Майданұлы

Ибрагимова Флюра Галимовна

Байжуманов Нурлан Оразбекович

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ІС ЖҮЗІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕСІҰсынылған ғылыми мақала «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына 2021 жылдың 15 қарашасында енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тәжірибеде іске асыру тақырыбын зерделеудің жалғасы болып табылады.
Авторлармен жаңашылдықты іс жүзінде жүзеге асыру мәселелеріне терең талдау жасалынған, кейбіреуі бойынша нақты ұсыныстар беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуда негіздемелік келісімдерді, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстық сатып алудың жаңа тәсілдерін енгізу, электрондық дүкен арқылы сатып алу әдісін қолданысқа енгізудің артықшылықтары мен қолданысқа енгізуде туындап отырған мәселелері қарастырылады.
Мақаланың мақсаты мемлекеттiк сатып алу жүйесін реттейтін заң нормалары арасындағы қарама- қайшылықтарды жою, сондай-ақ қабылданған жаңа жүйенің іске қосылуына тәжірибелік талдау жасау арқылы жемқорлыққа қарсы төтеп бере алатын, ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс жүйе қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан заңдарды өзгерту тәжірибесінің тиімділігін зерттеу болып табылады.
мемлекеттiк сатып алу; тапсырыс беруші; өнім беруші; негіздемелік келісім; конкурс; портал; рейтингтік-балдық жүйе; электрондық дүкен.
2

Дәурен Болатұлы Алшымбек

Игорь Юрьевич Остапович

ӘКЕ БОЛУДЫ ДАУЛАУ: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛІ СҰРАҚТАРЫМақалада әке болуды даулаудың теориялық және практикалық мәселелері зерттелген. Авторлар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
47-бабы 3-тармағымен реттелетін қатынастарға әке болу презумпциясын қолданудың орындылығына күмән келтіріледі.
Зерттеу барысында жоғарыда аталған Кодекстің 51-бабының 1-тармағына сәйкес бала құқықтарының бұзылуы мен әке болуға дауласу мүмкіндігін шектеу арасындағы өзара байланыс жүргізіледі.
Қолданыстағы заңнаманы, сот практикасын зерделеу негізінде медиация рәсімінің әке болуды даулау туралы істерге қолданылмайтындығы туралы пікір тұжырымдалады.
Авторлар отбасылық қатынастардағы әке болудың өзекті мәселесін, қолданыстағы заңнаманы түзету қажеттілігі туралы, отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-ананың әлеуметтік рөлін арттыруға қатысты мәселелерді қозғайды.
әке болуды даулау; әке болуды тану; әке болу презумпциясы; қатысқан әке болу; мәжбүрлі әке болу; медиация; баланың шығу тегі; отбасы; ата-ана; сот.
3

Ельдос Нағымбайұлы Байгундинов

ЖАҢА ТУЫЛҒАН БАЛАНЫҢ АНАСЫ ТАРАПЫНАН ӨЛТІРІЛУІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫМақалада автор жаңа туған баланы анасының өлтіруіне қатысты қылмыстық жауапкершіліктің даму тарихына талдау жасайды. Тарихты білмей, кез келген құқықтық институтты терең ретроспективті талдаусыз оны одан әрі жетілдіру жолдарын елестету мүмкін емес. Бұл жаңа туған баланы анасының өлтіру институтына да қатысты. Мақалада ананың жаңа туған баланы өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктің эволюциясы қолданылады. Осы мақсатта аталған әрекетке қарсы қылмыстық-құқықтық күресті реттеуге арналған негізгі тарихи заңнамалық актілер талданады.
Қарастырылып отырған адам өлтіру түрінің проблемасы өте өзекті. Қылмыстық құқықтың әлемдік доктринасында осы қылмыс үшін жеңілдетілген қылмыстық жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 100-бабына қатысты бірнеше ұстаным бар. Кейбірінің пікірінше оның болуы орынды, бірақ ол жетілдіруді қажет етеді, ал басқалардың пікірінше, оны алып тастау керек және мұндай адам өлтіруге кінәлі адамдар білікті адам өлтіру үшін жалпы негізде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек.
адам өлтіру; әдет-ғұрып; некесіз; босану кезінде; заңдар жинағы; масқара болу; жаза; өлім жазасы; ауыр жұмыстар; ар-намыс.
4

Жібек Бауржанқызы Балтабаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ІРІКТЕУ ТӘРТІБІНЕ КӨЗҚАРАСТАРДЫ ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫОсы мақала кадрлық қамтамасыз етудің негізгі рәсімдерінің бірі – прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерінің өзгеру тарихы мәселелеріне арналған.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының бейіндік Заңына енгізілген негізгі заңнамалық түзетулерге талдау жасалған, осы институттың қайта құрылу тарихындағы негізгі кезеңдер анықталған, оның нормативтік-ұйымдастырушылық сипаттағы заманауи мәселелері тұжырымдалған, зерттеудің перспективалы ғылыми-қолданбалы бағыттарының шеңбері анықталған. Заманауи іріктеудің орталық элементі ретінде автор ЖОО-ның тәжірибеге бағдарлануының жеткіліксіздігін теңестіруге арналған және кандидаттарды алдын ала зерделеу мен бағалау, оқыту мен тағылымдама кезеңдерін біріктіретін бастапқы кәсіптік даярлау институтын келтіреді.
кадрлық қамтамасыз ету; кадрлық іріктеу; кәсіби дайындық; құқық қорғау қызметі; құқық қорғау органдары; оқыту; кәсіби құзыреттер; қызметке үміткерлер.
5

Ақбопе Нұрмұханбетқызы Ергалимова

Ербол Мусинұлы Абайдельдинов

БҰҰ-НЫҢ «МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ» КОНВЕНЦИЯСЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАНДА МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІӘлемнің барлық елінде жыл санап мүмкіндігі шектеулі балалардың саны көбейіп жатқандығы мәлім. Мүгедек балалар қоғам тарапынан түрлі шеттетулерге, кемсітулерге, құқықтарының бұзылуы мен сақталмауы сияқты жағдайларға ұшырап қана қоймай, зорлық-зомбылық, қатыгездікпен қарау, қажетті күтімсіз қалу және қанау секілді әрекеттердің құрбандарына айналуда. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау механизмі халықаралық құқықпен қамтамасыз етілген. Алайда, құқықтарды заңи түрде белгілеу – олардың автоматты түрде, еш кедергісіз жүзеге асырылуын білдірмейді. Мақалада еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың халықаралық құқық нормаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын жүзеге асыру барысында кездесетін бірқатар мәселелері туралы сөз қозғалған. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттен қажетті әрі пәрменді көмек алу, сол арқылы денсаулық жағдайын жақсарту
– мүмкіндігі шектеулі балалардың халықаралық және ұлттық заңнамалық құжаттармен кепілдік берілген құқықтары болып табылады. Аталған саладағы құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттің тиімді механизмінің болуы өте маңызды. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін әлеуметтік, саяси, экономикалық және өзге де құқықтарын жүзеге асыра алуы олардың денсаулық жағдайларының жақсаруы не бірқалыпты болуымен тығыз байланысты.
мүмкіндігі шектеулі бала; мүгедектік; мүгедек бала; Біріккен Ұлттар Ұйымы; «Мүгедектердің құқықтары» туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы; ратификация; ақыл-ой дамуының бұзылуы; тірек-қимыл аппаратының аурулары; инклюзивті қоғам.
6

Нұролла Ерғалиұлы Есенжолов

Думан Әбілтайұлы Жампейісов

Мұхтар Бақтыбекұлы Бақтыбеков

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМақала Қазақстандағы әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың белсенділігі қағидасына арналған. Бүгінгі күнде әкімшілік сот ісін жүргізудің міндет-мақсаттарына жетуде, әкімшілік құқықтық даулардың (істердің) тиімді, жан-жақты, ашық, нәтижелі қаралуы қажет. Зерттеу барысында құқық үстемдігі мен құқықтық мемлекетті құрудағы қазіргі әкімшілік юстицияның жалпы міндеттері анықталады. Әкімшілік – жария дауларды соттың диспозитивтілік, тең құқықтылық және белсенді рөлі қағидаттарын сақтай отырып қарау шарттары талданады.
Нәтижесінде соттар сот ісін жүргізуде бейтарап қалмай, өзінің белсенділігімен істі жете зерттеп, маңызды мән-жайларды анықтап, кәсіби тұрғыда таным процесіне қатысып, әкімшілік органдар мен азаматтардың арасындағы теңсіздікті жоятыны талданды.
Зерттеу арқылы соттың белсенді рөлі қағидасы әкімшілік әділеттің мәніне жетуде маңызды құрал болатыны, қазіргі жағдайда атқару билігіне соттық бақылауды қамтамасыз етуде аталған қағида әділдікке жетудің тиімді механизмі болатыны анықталып отыр.
әкімшілік әділет; соттың белсенді рөлі; сот ісін жүргізу; әділдік; диспозитивтілік; қағида; сот; зерттеу; құқықтар; талап.
7

Гаухар Сақтабергенқызы Кузекова

БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПАЙДАЛЫ БАЙЛАНЫСТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ (ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫН ҚОЮ)Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың қоғамнан оқшауланған кезеңінде олардың сыртқы әлеммен байланысын реттеу, қолдау және сақтау ерекше маңызға ие болады. Психологиялық шиеленісті бейтараптандыруға және әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін маңызды факторлардың бірі – сотталғандардың сотталғанға дейін немесе жазасын өтеу кезеңінде қалыптасқан оң әлеуметтік байланыстарды сақтау және қолдау мүмкіндігі болып табылады. Өз болашағының оң проекциясы үшін қажетті әлеуметтік өзара әрекеттесуді жоғалтқан адамдарға қауіпсіз әлеуметтену мүмкін емес немесе өте қиын. Тұрақты әлеуметтік байланыстар ұзақ өмір сүру мен өзара әрекеттесудің өнімі екенін ескеру қажет. Тиісінше, олардың жоғалу немесе айтарлықтай әлсіреу қаупі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің ең маңызды «жанама өнімдерінің» бірі ретінде бағалануы керек. Бұл жазаны өтеу процесін (атап айтқанда, пенитенциарлық пробацияны) сотталушының әлеуметтік жалғыздыққа ұшырамауы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатындай етіп ұйымдастыру туралы мәселе туғызады.әлеуметтік оқшаулау; бас бостандығынан айыру; әлеуметтік жұмыс; халықаралық стандарт; әлеуметтік пайдалы байланыстар; қайта әлеуметтену; пенитенциарлық пробация.
8

Сандуғаш Нұридинқызы Нұридин

ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОСАТУДЫҢ КҮШІН ЖОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРШартты түрде мерзімінен бұрын босату және оны практикада қолдану мен орындау бойынша онымен байланысты мәселелер де бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Бұған дәлел ретінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институтының жалпы нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды алуға болады. Қылмыстық және қылмыстық- процестік заңнамасында, сондай-ақ «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы нормативтік қаулысында көзделген қағидалар негізінде ғана сотпен қарастырылатын жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою жөніндегі мәселелер жеке назар аударуды қажет етеді. Аталған заңнамалық актілер мен ғылыми әдебиеттер негізінде мақалада шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою шарттарына талдау жүргізіледі, олардың негізінде Қазақстан Республикасы ҚК-нің 72-бабы 7-бөлігінің редакциясы бойынша ұсыныстар енгізіледі.жаза; шартты түрде мерзімінен бұрын босату; өтініш; күшін жою; әкімшілік құқықбұзушылық; абайсызда жасалған қылмыс; қасақана қылмыс; орындамау; сот.
9

Асхат Бакытұлы Оракбаев

ВИРТУАЛДАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, АДАМ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫАдам өлтіру елдің басты заңы – Конституциямен қорғалатын адамның табиғи өмір сүру құқығын бұзады. Қазақстанда жалпы қылмыстың төмендеуі аясында адам өміріне қасақана қылмыстық қол сұғушылықтар саны азайып келеді. Сонымен қатар соңғы 2 жылда 55 адам өлтіру шешілмеген күйінде қалып отыр, оларды елемеуге болмайды. Құқық қорғау органдары қылмыскерді ұстауға барлық күштер мен құралдарды, соның ішінде ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдаланады.
Мақалада мұндай істер бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауда виртуалдандырудың озық құралдарын қолданудың шетелдік тәжірибесі сипатталған. Виртуалдандыру жүйелерін қолдану бойынша өткізілген SWOT-талдау негізінде келесі ұсынылады: анық емес өлім және тергеуді қайта бастау жағдайында цифрлық қайта құруды қолдану; цифрлық қайта құруды заңда бекіту, стандартты рәсімдері мен ережелерін енгізу; егер қатысушылардың қауіпсіздігі қажет болса немесе өмірден айырылғаннан бері көп уақыт өтсе, цифрлық қайта құру бірқатар тергеу әрекеттерін алмастыра алады; цифрлық дәлелдемелерді салыстыру; адам өлтіруші мен жәбірленуші оқиға болған кезде әртүрлі елдердің аумағында болған кезде фактілерді тергеу жөніндегі халықаралық шарттарды реттеу.
3D модельдеу; адам өлтіру; виртуалды шындық; виртуализация жүйелері; тергеуші; тергеу; цифрлық қайта құру; SWOT-талдау.
10

Жанар Секежанқызы Сейтаева

Алмас Қанатұлы Қанатов

Хадиша Агзамовна Әбішева

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА (КРИМИНО-ВИКТИМОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ)Осы мақалада ҚР ІІМ жетекшілігімен Ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлеген «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына (криминалық-виктимологиялық аспект тұрғысынан) авторлық түсініктеме беріледі. Заң жобасының тұжырымдамасы заңның ережелері қолданылатын адамдар тобын айқындауды; адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуді; адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыретін айқындауды; адам саудасының тәуекелдерін бағалауды және құрбандарды қайта бағыттау тетігін енгізуді және т.б. көздейді.
Заң жобасының басты артықшылығы – оны қабылдау адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін қажетті заңнамалық құқықтық негіздер құруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге авторлар талқылауға ұсынылған заң жобасын талдау кезінде анықталған кейбір қайшылықтарды егжей-тегжейлі сипаттауға арналған бірқатар ұсыныстарды бөліп көрсетеді. Атап айтқанда, жүйелеу мен түсіндіру құқықтық реттеу қағидаттарын, алдын алу шараларын қолдануды, сондай-ақ тезаурусты оңтайландыруды және қолданыстағы салалық заңнаманы жетілдіруді талап етеді.
адам саудасы; «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы; адам саудасы құрбандарының құқықтары; салалық заңнаманы жетілдіру; криминология; криминологиялық-виктимологиялық аспект.
11

Филипец Оксана Борисовна

ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ МӘЖБҮРЛІ ТӨЛЕМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУМақала қылмыстық құқық бұзушылықтардан зардап шеккендердің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасы ретінде мәжбүрлеп төлеу мәселелерін жария етеді. Автор қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын талдау, оның ішінде нормативтік қаулылар, Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының түсіндірмесі негізінде Жәбірленушілерге өтемақы қорынан төлемдер алуға үміткер, жәбірленушілер санаттарына қатысты заңнамалық реттеудің проблемалық аспектілері, сондай-ақ кінәсі дәлелденген, бірақ көтермелеу нормаларын қолдануға байланысты айыптау үкімі жоқ адамдарға қатысты мәжбүрлі төлеу туралы қылмыстық заңнама нормаларының жетілмегендігін анықтады. Шетелдік заңнаманың прогрессивті тәжірибесін, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын және «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңын салыстыруды ескере отырып, мәжбүрлеп төлеу туралы нормаларды одан әрі жетілдіру жолдары ұсынылды.өтемақы; жаза; жәбірленуші; қаулы; үкім; мәжбүрлі төлем; қылмыстық жауапкершілік; қылмыстық құқық бұзушылық.


Назад