№3 (29)/2023 Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері


Автордың аты-жөні Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1

Айтқазин Ерлан Майданұлы

Ибрагимова Флюра Галимовна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫМақала авторларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін заңнамасындағы экологиялық критерийлерге шолу жасалынып, мемлекеттік «жасыл» сатып алу концепциясын заңнамалық қамтамасыз ету деңгейіне талдау жасалынған. Экологиялық талаптарға сай тауарлар мен қызмет түрлерінің артықшылық алу мүмкіндіктерінің іс жүзінде жүзеге асуы бағаланады.
Отандық заңнамамен қатар Еуропа елдеріндегі «жасыл» мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тетіктері талқыланған. Еуропалық Одақ мемлекеттерінде қол жеткізілген үздік тәжірибеге ерекше мән беріліп, олардың елімізде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған, заңнаманы жетілдіру бағытындағы ұсыныстар берілген.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму қағидаттарына негізделген мемлекеттік саясаттың маңыздылығын ескере отырып, авторлар жаңа дефиницияларды енгізуді ұсынады және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада «жасыл» мемлекеттік сатып алу тетіктерін енгізу жолдарын қарастырады.
Сонымен қатар «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтының елімізде толыққанды қолданысқа енуі үшін қажет өзгерістер тек мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін нормативтік актілерді ғана емес, сонымен қатар тұрақты мемлекеттік сатып алулар, жасыл экономикаға көшу мен экологиялық таңбалау бағыттарындағы заңнамаларды жетілдірумен бірге жүруі тиіс деген қорытынды жасалынады.
«жасыл» мемлекеттік сатып алу; экологиялық критерийлер; жасыл экономика; конкурс; тұрақты мемлекеттік сатып алулар; экология; экологиялық таңбалау; өндіруші.
2

Ерік Болатұлы Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК СОТТАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ, АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСТЕН НЕГІЗГІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫМaқaлaдa Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы жәнe шeт eлдepдeгі әкімшілік сoттapдың құзыpeті мәсeлeлepі қapaстыpылaды. Нeгізгі нaзap Қaзaқстaн Рeспубликaсындa әкімшілік сoт ісін жүpгізудің epeкшeліктepін aнықтaуғa aудapылaды.
Ғылыми жaңaлық – әкімшілік сoттap мeн әкімшілік сoт ісін ұйымдaстыpудың нeгізгі пpинциптepін зepттeу. Автop әpбіp aзaмaт, eгep oның зaңды құқықтapы бұзылғaн жaғдaйдa, тәуeлсіз жәнe бeйтapaп сoттың aқылғa қoнымды мepзімдe істі әділ жәнe жapия тaлқылaуғa құқығы бap дeгeн қopытындығa кeлді.
Мaқaлaдa зepттeудің сaлыстыpмaлы әдісі нeгізіндe Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы, жaқын және aлыс шeт eлдepдeгі әкімшілік сoттapдың құзыpeтінe қысқaшa шoлу жaсaлды. Сoндaй-aқ, әкімшілік пpoцeстің aзaмaттық сoт ісін жүpгізудeн нeгізгі aйыpмaшылықтapы aнықтaлды. Aвтopдың пікіpіншe, Әкімшілік пpoцeдуpaлap институты, әсіpeсe әкімшілік-құқықтық дoктpинaдa әлі дe aз зepттeлгeн пpинциптepді тaлдaу epeкшe өзeкті бoлып тaбылaды.
Осылaйшa, әкімшілік сoттapдың құзыpeті туpaлы мәсeлe aзaмaттapдың сoт төpeлігінe қoл жeткізуін
қaмтaмaсыз eтeтін шapт peтіндe әкімшілік сoт ісін жүpгізу қaғидaттapын сaпaлы қaмтaмaсыз eтумeн тығыз бaйлaнысты.
әкімшілік әділeт; әкімшілік сoт ісін жүpгізу; әкімшілік судья; зaңдылық; қoғaмдық құқықтap; азаматтардың мүдделері; лaуaзымды тұлғa; әкімшілік іс.
3

Артур Әлішерұлы Баймаханов

Ернар Нұрланұлы Бегалиев

АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫН ЧИПТЕУ ИНСТИТУТЫН ЕНГІЗУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТУРАЛЫМақала азаматтардың жекелеген санаттарын чиптеудің негізділігі, заңдылығы мен орындылығы туралы өзекті мәселеге арналған. Зерттелетін тәжірибесі бар шет мемлекеттердің мысалында бұл мәселенің оң және теріс жақтары терең әрі жан-жақты талданады.
Чиптеу мәселесі бойынша жарияланған жұмыстардың ғылыми пікірталасы ұсынылды, өзіндік көзқарас келтіріліп, қорытындылар жасалды. Цифрландыру құралдарының бірі криптографиялық ақпаратты (деректерді) беру арнайы чиптерді материалдық объектілердің құрылымына біріктіру арқылы жүргізілетініне назар аударылды. Мақаланың негізгі түйіні – SWOT талдауына (ұйымның ішкі және сыртқы ортасының факторларын анықтаудан және оларды төрт санатқа бөлуден тұратын стратегиялық жоспарлау әдісі) негізделген зерттеу мәселесінің тиімді және әлсіз жақтарын көрсету.
Теориялық және/немесе практикалық құндылығы бар ұсыныстар, қылмыстарға қарсы тұруға бағытталған. Мақала криминалистикалық техника, қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, қылмыстардың жекелеген түрлерін (топтарын) тергеу әдістемесі мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдарға, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған.
сенсор; жоба; портал; радиожиілікті сәйкестендіру; биочип; чип; цифрландыру.
4

Белялова Дана Руслановна

Сырым Августханұлы Августхан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕУЖоғарыда келтірілген мақалада авторлар пробация қызметінің бақылауындағы сотталғандарға қатысты пробация қызметінің электрондық бақылау құралдарын пайдалануының құқықтық аспектілеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Бұл процесті заңнамаға және құқық қолдану практикасына сәйкес реттеуге ерекше назар аударылды. Авторлар электрондық бақылау құралдарын пайдалану бойынша заңнамалық регламенттеу мен құқық қолдану қызметінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай- ақ электрондық бақылау құралдарын заңнамалық реттеуді жақсарту бойынша одан әрі ұсынымдарды ашады. Инновациялық және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, құқық бұзушылықтардың кез келген түрлерімен күресудің және олардың алдын алудың тәсілдері мен әдістерін одан әрі арттыру, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, сотталғандар жасаған кез келген құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр.пробация; электрондық бақылау құралы; қылмыстық-атқару жүйесі; бостандықты шектеу; бақылау; электрондық мониторинг; жаза; қылмыстық саясат.
5

Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы

ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІҢ РЕФОРМАЛАУҒА ҚАТЫСТЫАвтор ұсынған мақалада ұлттық Қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері қарастырылған.
Қазақстанның осы саладағы Тәуелсіздік кезеңіндегі барлық қадамдары мемлекеттің жаңа пенитенциарлық саясатты қалыптастыруға және дамытуға деген ұмтылысын дәйекті түрде көрсеткеніне қарамастан, ҚАЖ-ның жұмыс істеуін, сотталғандар мен қамаудағы адамдардың құқықтарын сақтауды, автор жүргізген сараптамалық материалдарды талдау мемлекеттің және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін талап ететін проблемалардың кешенін көрсетті, оның ішінде: «түрме тұрғындарының» өсуі; ҚАЖ комитетінің жүйелі түрде қаржыландырылмауы; жазалау мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін кері реакцияға әкеп соқтыратын сотталғандармен жұмыс істеудің ескірген әдістері; сотталғандардың тиісті әдіснамалық қамтамасыз етілмейтін әлсіз әлеуметтік реинтеграциясы; азаматтардың ҚАЖ қызметіне кіруінің төмен уәждемесі және қылмыстық субмәдениет тасымалдаушыларына және контингенттің радикалды көзқарастарына психологиялық деңгейде қарсы тұруға мүмкіндік бермейтін әлсіз идеологиялық даярлық.
Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін, пенитенциарлық сарапшылар мен құқық қорғаушылардың ұсыныстарын, ІІМ ҚАЖ Комитеті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнідегі комитеті қызметінің есептік және статистикалық материалдарын зерделеу,
1 Статья подготовлена в рамках реализации научного проекта грантового финансирования по научным и (или) научно-техническим проектам на 2023- 2025 годы Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, AP19679540 «Совершенствование организационно-правового механизма реализации института ресоциализации осужденных в РК».

сондай-ақ посткеңестік және еуропалық елдердің тәжірибесін жинақтау негізінде анықталған көптеген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленді.
пенитенциарлық жүйе; қылмыстық-атқару жүйесі; халықаралық стандарттар; қылмыстық заңнаманы ізгілендіру; сотталғандарды қайта әлеуметтендіру; пробация.
6

Воеводкин Денис Викторович

ХАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОЛДАН ЖАСАУДЫҢ ІЗІ ТУРАЛЫМақалада сот-медициналық сипаттаманың тәуелсіз элементтері ретінде халыққа медициналық қызмет көрсету саласындағы құжаттарды қолдан жасаумен байланысты қылмыстардың іздік көрінісінің ерекшеліктері қарастырылған.
Ғылыми-техникалық революцияның қазіргі кезеңіндегі криминалистикалық техниканың дамуын ескере отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық салаларында интеграциялануына байланысты ақпараттандыру мен қылмысты техникаландырумен қатар, қарастырылып отырған қылмыс түрін тергеу кезінде цифрлық іздер сияқты салыстырмалы түрде жаңа іздердің пайда болу механизміне ерекше назар аударылады. Ғалымдардың «цифрлық іздер» ұғымына ғылыми көзқарастары талданды, автордың осы анықтамаға қатысты ұстанымы білдірілді, «цифрлық іздік ақпараттың» түрлері және олардың көздері қарастырылды.
Халыққамедициналық қызметкөрсетусаласындағықұжаттарды бұрмалауменбайланысты қылмыстарды тергеу кезінде бөлінген ерекшеліктерді пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
құжаттарды зерттеу; сот-медициналық сипаттама; медициналық құжаттар; жалғандық; іздік сурет; қылмыс іздері; жалғандық; сандық іздер.
7

Александр Владимирович Карпекин

Ербақыт Мұхамедқалиұлы Баймұханов

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӨКІМДІК ҚҰРАМДАС БӨЛІГІБұл ғылыми мақала ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдер қабылдау процесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісін зерттейді. Авторлар қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін критерийлерді, соның ішінде олардың заңнамаға сәйкестігін, мүдделі тараптардың қанағаттану деңгейін және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді талдайды. Авторлар ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдау үшін жоғарыда аталған барлық аспектілерді ескеру және қоғамдық мүдделерге назар аудару қажет деген қорытындыға келеді. Ішкі істер органдарында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде заңнаманы сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Ішкі істер органдарында басқару шешімдерін қабылдау процесін жақсартуға көмектесетін заманауи технологиялар мен құралдар талқыланады. Қабылданған басқарушылық шешімнің дұрыстығы көбінесе белгіленген мақсаттың дәлдігіне және белгілі бір жағдай алдындағы шешілетін міндеттерге байланысты, бұл сайып келгенде жеке бөлімшенің де, тұтастай алғанда құқық қорғау жүйесінің де қызметіне жағымды әсер етеді. Мақала ішкі істер органдарындағы басқару шешімдерін қабылдау процесін зерттеуге маңызды үлес болып табылады және құқық қорғау және басқару саласында жұмыс істейтін мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін.басқарушылық шешім; ішкі істер органдары; құқық қорғау қызметі; критерийлер; талдау; тиімділік; процесті оңтайландыру.
8

Тамара Муслиновна Коржумбаева

Сырым Маратұлы Әбіжанов

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АНЫҚТАУДАҒЫ, АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖӘНЕ ЖОЛЫН КЕСУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҚылмыстық әлемнің сын-тегеуріндеріне заманауи және тиімді ден қою құқық қорғау органдарынан жұмыста жаңа, пәрменді әдістерді қолдануды талап етеді. Бүгінгі таңда бұл қызметтегі бағыттардың бірі – іздеу-барлау сипатындағы ақпараттық-аналитикалық жұмыс болуы мүмкін. Мақалада жедел-іздестіру қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігі туралы айтылады, осыған байланысты телекоммуникациялық желілер мен жүйелердің мониторингіне бағытталған жалпы жедел- іздестіру іс-шараларының тізбесін кеңейту ұсынылады. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың жоғары криминогендік әлеуетіне байланысты Интернеттің жасырын сегменттерін бақылаудың мұндай жүйелері өте перспективалы болуы мүмкін. Сонымен бірге қызығушылық танытқан адамдар мен фактілер туралы ақпаратты іздеу және жинау жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асырудың нақты әдістемелерінің болмауына байланысты айтарлықтай қиындықтармен байланысты, бұл осы қызметті дамытудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін талап етеді.ақпарат; аналитикалық жұмыс; қарсы әрекет; технологиялар; техникалық құралдар; желілерді бақылау; интернет; Darknet.
9

Серікқазы Күмісбекұлы Күмісбеков

Сырым Маратұлы Әбіжанов

ШЕТЕЛДІК МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУМақала шетелдік мемлекеттердің заңнамасындағы жаппай тәртіпсіздіктер субъектілерінің қылмыстық жауапкершілігін саралау мәселелерін зерттеуге арналған. Шетелдік тәжірибені зерттеу заңгерге жаңа көкжиектер ашады және оған өз елінің құқығын жақсы білуге мүмкіндік береді. Авторлар қоғамдық тәртіпті бұзған жаппай тәртіпсіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін шет елдердің қылмыстық заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізеді. Мақалада жаппай тәртіпсіздік субъектілерін шетелдердің заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесінің өзектілігі айтылады. Авторлар зерттелетін елдердің заңнамасында қылмыс субъектісінің жасы бірдей емес деген қорытынды жасайды. Бұл зерттеу шетелдердегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді. Авторлар жаппай тәртіпсіздіктер барлық мемлекеттерде қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс ретінде танылады деген қорытынды жасайды.Түйінді сөздер: талдау; заңнама; қылмыс; жаппай тәртіпсіздік; жауапкершілік; қауіпсіздік; қоғамдық тәртіп; ұйымдастырушы; қатысушы.
10

Талғат Ғабитұлы Маханов

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУЛІКТІ БЕЛГІЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІБұл мақалада автор қылмыстық істер бойынша тергеулікті белгілеудің кейбір мәселелерін қарастырып, қылмыстық процесте орын алатын проблемалы мәселелерді көрсетеді. Отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу және анықтау бойынша тергеулікті белгілеудің критерийлері зерттеліп, қылмыстық істердің тергеулігін реттейтін нормативтік нұсқамалар жүйесінен қылмыстық істің екі белгісін құрайтын жалпы тергеулік ережесі ұсынылады. Оған қоса автор статистикалық мәліметтерді талдап, тергеулікті белгілеу саласындағы жай-күйді сипаттайды. Сонымен бірге тергеулікті, оның ішінде баламалы тергеулікті белгілеуде прокурордың өкілеттілігі сипатталады. Аталған мәселені нормативтік реттейтін ҚПК-нің тиісті нормалары зерделеніп, прокурордың айрықша тергеулігі реттелетін нормалар сыналады. Қорыта келе, тергеулікті белгілеудің оңтайлы ережесі тұжырымдалып, аталған мәселені шешудің жолдары ұсынылады.қылмыстық процесс; алдын ала тергеу; анықтау; сотқа дейінгі тергеп-тексеру; тергеу органдары; прокурор; қылмыстық іс; тергеулікті белгілеу; критерий; ереже.
11

Мәлік Рысбайұлы Мұқанов

Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиев

СОТТАЛҒАНДАРДЫ ТҮЗЕТУ ТЕТІГІНІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІМақала сотталғандарды түзетудің қазіргі механизмін құқықтық реттеу мен қолдану тәжірибесін талдауға арналған. «Сотталғандарды түзету» ұғымы қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы тұрғысынан қаралады. Сотталғандарды түзету тетігінің проблемалық аспектілерін теориялық зерттеу барысында сотталушының мінез-құлқын бағалаудың заңнамалық бекітілген өлшемдеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасында белгіленген сотталғандарды түзету құралдары қаралды, олардың арасында «оң әлеуметтік байланыстарды қолдау» сияқты жаңа құрал назар аударуға лайық. Нәтижесінде оң мінез-құлықты бағалаудың заңнамалық белгіленген критерийлері Қазақстан Республикасының қылмыстық-түзеу жүйесінің түзеу мекемелеріндегі нақты жағдайды көрсетпейтіні туралы, сондай-ақ сотталғандарды түзетудің «оң әлеуметтік байланыстарды қолдау» сияқты құралын басқасына – көрсетілген байланыстарды қолдау да қамтитын «сотталғандармен әлеуметтік жұмыс» деп ауыстырудың орындылығы туралы қорытындылар жасалды.жаза; қылмыстық-атқару жүйесі; түзету; сотталғандар; мінез-құлықты бағалау; оң дәреже; теріс дәреже; түзету құралы; әлеуметтік жұмыс.
12

Азиз Ахматжанович Мухитдинов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗАҢ ШЫҒАРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КӨРСЕТУМақалада Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талданады. Зерттеу қосымша назар аударуды және заңнаманы одан әрі өзгертуді қажет ететін бірнеше саланы анықтады. Біріншіден, «экстремизм» ұғымын қазіргі түсінудің жеткіліксіздігі анықталды,
«экстремизм» терминінің тұжырымдамасы мен түсіндірмесін нақтылау, сондай-ақ осы ұғымды кеңейту қажет. Екіншіден, мақалада «деструктивті діни ағымдар» ұғымын енгізу ұсынылатын «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын қарау қажеттілігі туралы айтылады. 2013-2017 және 2018-2022 жылдар кезеңінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар талданады және қаралады, бағдарламалардың тиімділігі, негізгі жетістіктері мен кемшіліктері жарияланады, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік-қоғамдық өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударылады. Мақалада Экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың орындалуын прокурорлық қадағалауды күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы деңгейінде арнайы бұйрық қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс ұсынылады. Бұл діни экстремизмге қарсы іс-қимылда мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйымдардың барлық деңгейлерінің іс-әрекеттерін тиімдірек және келісілген үйлестіруге мүмкіндік береді.
экстремизм; құқық; мемлекет; қылмыс; деструктивті діни ағым; прокурорлық қадағалау; құқық қорғау органы; қоғамдық ұйым; қауіпсіздікке қатер.
13

Мұхтар Бейбітұлы Садықов

Ане Арзиевна Тынышбаева

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМДІ БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУҚазіргі тәжірибеге сүйене отырып, терроризмді болжауда және онымен күресте жасанды интеллекттің шешуші маңыздылығын байқауға болады. Бұл дағдарысқа қарсы шараларды қолдану әдістері мен дәрежесін анықтауда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмді болжау мен оған қарсы күресте жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесі мен қазіргі жағдайы талданады, сонымен қатар DEXTER, Malicious use of artificial intelligence (MUAI), deepfake, Human intelligence (HUMINT) технологияларын және т.б. қолдану тәжірибесінің кейбір белгілі артықшылықтары мен кемшіліктері зерттеледі. Терроризмге қарсы күрес үшін технологияларды пайдалану процесінде шешілуін қажет ететін этикалық және моральдық мәселелерге назар аударылады. Мақаланың мақсаты-әлемдегі терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру үшін жасанды интеллектті қолданудың қазіргі жағдайы мен тәсілдеріне шолу.жасанды интеллект; болжау; модель; құқықтар; MUAI; HUMINT; deepfake; DEXTER.
14

Александр Алексеевич Тарасов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ ЖӘНЕ МАМАНЫАрнайы білімді тасымалдаушылардың қылмыстық іске қатысуын нормативтік-құқықтық реттеу осы іс бойынша дәлелдемелік мәселелерді шешуге бағытталған. Ресей мен Қазақстан үшін ортақ кеңестік және осы міндеттерді шешудің салыстырмалы түрде әр түрлі посткеңестік тәжірибесі екі мемлекеттің ең жаңа қылмыстық іс жүргізу заңдарында ішінара ұқсас, ішінара біршама басқаша шешілетін заң шығару мен құқық қолданудың, оның ішінде сарапшы мен маманның іс жүргізу мәртебесін айқындаудың ұқсас мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Жалпыға ортақ нәрсе – көптеген шетелдік құқықтық жүйелерге тән емес арнайы білім тасымалдаушылардың ісіне қатысу үшін екі процессуалдық көрсеткіштің сақталуы. Мақалада кеңес дәуірінде сөзсіз деп саналатын сарапшы мен маман мәртебесінің негізгі демаркациялық критерийлері – зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелері бойынша тек сарапшылар қорытынды беру фактісі – қазіргі жағдайда салыстырылған екі заңның да өзектілігін жоғалтқаны дәлелденді.
Мұндай саралаудың жалғыз критерийі – сарапшының іс жүргізу мәртебесінің пайда болуының негізі ретінде сот сараптамасын тағайындаудың таза процедуралық – заңды фактісі сақталды. Қылмыстық процестің екі ұлттық жүйесінде де білімді адамдардың екі іс жүргізу мәртебесін сақтаудың орынсыздығы туралы түпкілікті қорытынды жасалады.
қылмыстық процесс; қылмыстық сот ісін жүргізу; қылмыстық істер бойынша сот- сараптама қызметі; сарапшы; маман; сот сараптамасын тағайындау; сарапшының қорытындысы мен айғақтары; маманның қорытындысы мен айғақтары; сарапшыдан жауап алу; маманнан жауап алу.
15

Ане Арзиевна Тынышбаева

Бауыржан Нұржанұлы Бокаев

АМЕРИКАНДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ СУБЪЕКТИВТІ СТРАТИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІ: СЫНИ ТАЛДАУБұл мақалада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүргізілген мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін далалық зерттеу нәтижелері көрсетілген. Жұмыста келесі зерттеу әдістері қолданылды: дискурс талдау, бақылау және АҚШ-та тұратын респонденттермен, кездейсоқ таңдалған иммигранттармен стандартталмаған еркін сұхбат, визуалды бақылау.
Зерттеу барысында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі талданады, қызмет саласын

1 Данное исследование выполнено в рамках реализации научной программы ИРН BR18574203 «Научно-методологическое обоснование процессов развития государственной службы и трансформация деятельности государственных органов в контексте строительства Нового Казахстана» Комитета науки МНВО РК.
Финансирование. Результаты исследования получены в ходе реализации научной программы ИРН BR18574203 «Научно-методологическое обоснование процессов развития государственной службы и трансформация деятельности государственных органов в контексте строительства Нового Казахстана» Комитета науки МНВО РК.

таңдаудағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың маңызы мен рөлі, мемлекеттік қызметке қатынасы, мемлекеттік сектор кадр құрамының проблемалары мен қиындықтары көрсетіледі.
Авторлар мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік мәртебесіне қызметкердің әлеуметтік жағдайын субъективті өзін-өзі қабылдауы әсер етеді және мемлекет қабылдаған әлеуметтік қолдау мен қорғау шараларына қарамастан, мемлекеттік қызметтің беделін төмендету үрдісі тұрақты түрде өсуде деген қорытындыға келді. Әлеуметтік мәртебені анықтауда материалдық-экономикалық жағдайдың маңызы артып келеді.
мемлекеттік қызмет; мемлекеттік қызметші; әлеуметтік тап; әлеуметтік мәртебе; орта тап; әлеуметтік таптық өзін-өзі сәйкестендіру; әлеуметтік құрылым; әлеуметтік мінез-құлық; әлеуметтік жағдай; әлеуметтік қабаттар.
16

Хамит Еділ Едігеұлы

«ФИШИНГ» АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ИНТЕРНЕТ-ЖЫМҚЫРУ БІЛІКТІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМақала «фишинг» жасау кезінде алынған үшінші тұлғалардың дербес деректерін (банктік шоттар мен карталардың деректемелері, CVC-кодтар және т.б.) пайдалану арқылы интернет желісі және техникалық жетістіктер арқылы жасалатын жымқыруларды саралау мәселелерін қарауға арналған.
«Фишинг» ұғымының мәні ашылады және қарастырылып отырған жолмен алынған деректерді интернет- алаяқтық жасау үшін де, интернет-ұрлық жасау үшін де пайдалануға болатын жағдайлар қарастырылады. Дербес деректерді алу фактісі мен ақша қаражатын жымқыру арасында белгілі бір уақыт өтуі мүмкін, оны іс- әрекетті саралау кезінде ескеру қажет. Автор зерттелетін мәселелер бойынша әдеби дереккөздерді талдау және құқық қолдану практикасының тәжірибесін зерттеу негізінде қарастырылып отырған іс-әрекеттерді саралауға байланысты проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
интернет-жымқыру; кибер-қылмыс; фишинг; дербес деректер; іс-әрекетті саралау; алдау; қылмыстық жауапкершілік; банк деректемелері; интернет-алаяқтық; интернет-ұрлық.


Назад