№ | Автордың аты-жөні | Мақаланың атауы | Аннотация | Түйінді сөздер |
1 | Ажибаев Марат Геннадьевич | ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ | Терроризм мен экстремизм бүгінгі күні әлемнің барлық дерлік елдерінде халықаралық тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қатерлерінің бірі болып табылады, осыған байланысты, олардың көзін жою және олардың қызметінің экономикалық құрамдас бөлігіне нұқсан келтіру жұмысы құқық қорғау және арнайы органдар мен қызметтердің басты міндеті болып табылады. Отандық заң шығарушы осы құбылысқа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауда, олардың бірі тиісті нормативтік базаны дайындау және қабылдау болып табылады. Ұлттық заңнаманың ережелерін талдау кейбір нормалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген әділеттілік пен заңдылық принциптеріне қайшы келетін, репрессивті сипатқа ие екенін көрсетті. Мұндай нормалар адам құқықтарының бұзылу тәуекелдерін туғызады және Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретіндегі имиджіне нұқсан келтіру мүмкін. Осыған байланысты, отандық ғылыми қоғамдастықтың бірінші кезектегі міндеті қоғамда экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерінде көрсетілген қағидаттарды сақтау және адам құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша тиімді ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Мақалада терроризм мен экстремизмді қаржыландырғаны үшін тұлғаларды жауапқа тарту шеңберінде азаматтардың құқықтарын сақтаудың кейбір проблемалық мәселелері қарастырылады, сондай-ақ қылмыстық процесс және жаза тағайындау аясында әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын іске асыру бойынша шаралар ұсынылады. | адам құқықтары; қылмыстық құқық бұзушылық; мемлекет; заңнама; жаза; экстремизм; терроризм; қаржыландыру. |
2 | Айтқазин Ерлан Майданұлы Ибрагимова Флюра Галимовна Байжуманов Нурлан Оразбекович | 2021 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАРАШАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ІС ЖҮЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР СҰРАҚТАРЫ | Мақала авторларымен «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына 2021 жылдың 15 қарашасында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты зерделенген. Өзгерістердің іс жүзінде тәжірибеде жүзеге асуы мен енгізілу себептері, түрткі болған алғышарттары және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктері мақалада қарастырылған басты сұрақтар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға қабілетті жүйені қалыптастыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында заңнаманы өзгертудің жүргізіліп жатқан практикасының тиімділігіне ерекше назар аударылды. Авторлармен алынып тасталған кейбір нормаларды қайтару немесе енгізілген бірнеше өзгерістер қайтадан қарастырылып, реттеуді немесе толықтыруды талап етеді деген қорытынды жасалынады. Осы саладағы заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. | мемлекеттiк сатып алу; мемлекеттiк сатып алу туралы шарт; тапсырыс беруші; өнім беруші; тендер; аукцион; конкурс; бір көзден сатып алу; электрондық әмиян. |
3 | Алшымбек Даурен Болатұлы Кайшатаева Асель Куандыковна | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СУРРОГАТ АНА БОЛУ ШАРТЫН НОТАРИАЛДЫ ТҮРДЕ КУӘЛАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ | Мақалада авторлар Қазақстандағы суррогат ана болуды нотариалды куәландыру тәртібі бойынша нормативтік-құқықтық базаны зерделеу нәтижелерін баяндаған. Суррогат ана туралы келісім мазмұнының негізгі ережелері, атап айтқанда: субъектісі, келісім-шарт жасасу кезінде тараптардың құқықтары мен міндеттері және шарт жасасу кезіндегі нотариустың міндеттері қаралған. Мақалада «Суррогат ана болу шартының субъектілері» ұғымына ерекше назар аударылады, нақтырақ айтсақ балалы болғысы келетін тарап, ол «ерлізайыпты», «тапсырыс берушілер» және «балалы болғысы келетін отбасы» терминдері және осы түсініктедің бір мағына беретін тарап ретінде қарастыру сұрағына арналған. Авторлар шетелдік азаматтардың суррогат ана болу шартының субъектілері ретінде қатысуы туралы мәселені де қарайды. Отандық заңнама шетелдік азаматтардың осы процеске қатысуын шектемейді, бірақ сұрақ туындайды, шетел заңнамасы осындай жолмен балалы болуға рұқсат ете ме? Осы мәселені зерттеу негізінде авторлар шетелдік азаматтардың қатысуымен суррогат ана болу туралы келісім жасамас бұрын нотариуспен міндетті заң кеңесін беруді ұсынады. | суррогат ана; суррогат ана болу; суррогат ана болу шарты; репродуктивтік әдістер; нотариус; ерлі-зайыпты; тапсырыс берушілер; шетелдік азамат; нотариалды түрде куәландыру. |
4 | Баетов Қанат Жамалханұлы | ҚАУІПТІ ӨНДІРІС ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ НОРМАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК АСПЕКТІЛЕРІ | Қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау мәселесі барлық уақытта өзекті болып табылады, өйткені оның ахуалынан және объектілердің аварияларға қарсы тұрақтылығы мен төтенше жағдайларға төзімділігінен қоғам мен мемлекетті ресурс пен өнімдердің барлық түрлерімен сенімді қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ азаматтардың қалыпты өмір сүруі мен қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету туындайды. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің құқықтық негіздері ең алдымен қауіпті объектілердегі жазатайым оқиғаларды болдырмауға және олардың алдын алуға бағытталуы тиіс. Мақалада автор әртүрлі өндірістік объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық саласындағы отандық және шетелдік заңнамаларға талдау жүргізген. Дамыған елдерде барлық салалар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың бірыңғадарттары белгіленгендігін, сондай-ақ жұмыс берушілердің жауаптылығы күшейтілгендігін ескере келе, профилактикалық рөлін жетілдіру мақсатында Қазан өнеркәсібінің қазіргі заманғы даму тенденцияларына ғана емес, сонымен бірге осы саладағы криминогендік жағдайға сай келетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 281-бабының жаңа редакциясы ұсынылып отыр. | өнеркәсіптік саясат; өнеркәсіптік қауіпсіздік; қауіпті өндірістік объект; Төтенше жағдайлар министрлігі; жұмыс беруші; қызметкер; иесі; лауазымды тұлға; арнайы субъект. |
5 | Байгундинов Ельдос Нагымбаевич Қамбаров Азамат Қамбарұлы Потапов Дмитрий Петрович | ЖАҢА ТУҒАН БАЛАСЫН ӨЛТІРЕТІН АНАЛАР ТҰЛҒАСЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ | Мақалада авторлар жаңа туған баланы анасының өлтіруіне және жалпы осы саладағы қылмыстылыққа талдау жасайды. Қылмыскердің жеке басын зерттеу маңызды мәнге ие болады. Адамзат зерттейтін проблемалардың ең күрделісі – адамның табиғатының құпиялығы. Қылмыскердің жеке басын зерттеу кешенді мәселе болып табылады, оны зерттеумен персонологтар, әлеуметтанушылар, психологтар, педагогтар, құқықтанушылар және басқалар айналысады. Бұл мәселенің өзектілігі адамзаттың көптеген елеулі мәселелерінен тұрады: халықтың көпшілігінің кедейшілігі, нашақорлық пен маскүнемдіктің кеңінен таралуы, халықтың басқалардың мәселелеріне қатыгездігі мен немқұрайлылығы. Қылмыскердің жеке басының мәселесі қаншалықты кең және жан-жақты зерттелуіне байланысты, жоғарыда көрсетілген мәселелерді жою мүмкіндігі болады. Авторлар өздерінің жаңа туған балаларын өлтіретін аналардың, қылмыстық мінез-құлықтың және қылмыстың өзінде жатқан мынадай уәждерін атап көрсетеді: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, оған зорлық-зомбылық-өзімшілдік, сондай-ақ жауапсыз және өзге де жеке детерминанттар кіреді. | жаңа туылған бала; әлеуметтік мәртебе; өлтіруші ана; әлеуметтік-экономикалық; жауапсыздық; жүктілік; нашақорлық; маскүнемдік. |
6 | Байсұлтанов Алтай Бисенұлы | БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН, ҚАМАҚТАН НЕМЕСЕ КҮЗЕТТЕН ҚАШУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ | Қашудың қоғамдық қауіптілігі мынада: бұл әрекет бас бостандығынан айыру мекемелерінің қызметін тұрақсыздандыруға әкеледі және жазалау мақсаттарына қол жеткізуге кедергі келтіреді. Қылмыскерді жазалау мақсаттарының бірі ретінде түзету оның қайтадан қылмыс жасамауының кепілі екендігі анықталған. Қашқан сотталған адам басқа сотталған адамдарға теріс әсер етеді және қылмыскерлерді іздеуге және ұстауға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің едәуір материалдық қаражаты мен күштері тартылады. Бас бостандығынан айырумен байланысты жазаларды орындайтын мекемелердің барлық бөліністері қызметкерлерінің дұрыс ұйымдасқан жұмысы мен өзара әрекеттестігі қашуды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мақалада қашуды арнайы ескертудің негізгі шаралары, осы қылмыс түрінің жеке профилактикасын жетілдіру процесі мен бағыттары қарастырылған. | алдын алу; ескерту; сотталған; мекеме; тәрбиелеу; түзеу; криминология; арнайы профилактика. |
7 | Игонина Елена Олеговна | МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АБАЙСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ ҮЛГІСІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒАЛАУ | Медицина қызметкерлерінің емдеу кезінде орын алған ақаулары үшін қылмыстық жауапкершілігі тақырыбы бүгінгі күнге дейін резонансты болып қала береді. Автор шетелдік заңнамадағы медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне салыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізді: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы ятрогенді қылмыстарды саралауда қолданылатын қылмыстық-құқықтық нормаларға талдау жасалды. Ресей Федерациясының Қылмыстық заңнамасына қарағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін реттейтін арнайы қылмыстық-құқықтық нормалар қарастырылған. Мақалада екі елдің сот-тергеу практикасы келтірілген. Шетелдік заңнамаға жүгіну құқық қорғаушылар үшін жалпыға ортақ, материалдық құраммен қылмыстардың объективті жағының міндетті белгісі болып табылатын себептік байланысты белгілеу проблемасына назар аударуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша мақала авторы ресми түсіндірме актілерін қабылдауды ұсынды: қолданылуы қиындық тудырған немесе сот практикасында әртүрлі көзқарас анықталған құқықтық нормаларды түсіндіру мақсатында Ресей Федерациясы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары, Қазақстан Республикасында – «Медициналық құқық бұзушылықтар (немесе қылмыстар) үшін жауапкершілік туралы заңнаманы соттармен қолдану практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулылары. | ятрогенді қылмыстар; медицина қызметкері; медициналық қате; ақау; себептік байланыс; салдары; сот практикасы; біліктілік. |
8 | Қамбаров Азамат Қамбарұлы Қаражанов Малик Дулатұлы | АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДІҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ | Қазіргі жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу материалдық құқықта көзделген құқық бұзушылықтарды қысқартуға ғана емес, қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесі болып табылатын оң әлеуметтік құбылыстардан ықтимал теріс қылмыстық салдарларды бейтараптандыруға бағытталуы керек. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтармен профилактикалық жұмыстың перспективалық бағыттары құқық бұзушылықтың осы түрі үшін жауаптылықты көздейтін заңнаманы жетілдіру мәселелерін қамту. Компьютерлік құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың ұлттық құқықтық базасы ақпаратпен, оның ішінде компьютермен жұмыс істеу қағидаларын регламенттейтін және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін қолданыстағы заңнамалық актілердің ауқымын қамтиды. Сонымен қатар, кейбір құқықтық нормалар оң нәтижеге қол жеткізе алмайды. Құқықтық тыйымды моральдық-этикалық шаралармен ұштастыру қажет. Оларға ақпараттық ортада қалыптасқан және компьютерлердің қоғамда таралуы кезінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде моральдық-адамгершілік сананы қалыптастыруға арналған мінез-құлық пен этика нормалары кіреді. Ғылыми мақалада компьютерлік желілердегі абсолютті сенімділік пен қауіпсіздік ешқандай аппараттық, бағдарламалық және басқа шешімдерге кепілдік бере алмайтындығын атап өтілген. Сонымен бірге, қауіпсіздік мәселелеріне жан-жақты көзқараспен ғана шығындар қаупін азайтуға болады. | компьютерлік техника; телекоммуникациялық байланыс; Интернет; ақпараттық қауіпсіздік; киберқылмыс; ақпараттандыру және байланыс; компьютерлік құқық бұзушылық; компьютерлік бағдарлама. |
9 | Тулебаева Динара Тургинбаевна | ҚОСЫМША ТЕРГЕУГЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ КҮДІКТІНІ ҚАМАУДА ҰСТАУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ | Автор мақалада істі қосымша тергеуге жіберген және сот істі прокурорға жіберу кезінде күдіктіні сотқа дейінгі және сот сатыларында қамауда ұстау мерзімдерін және тергеу мерзімдерін есептеу және ұзарту ерекшеліктері туралы мәселелерді қарастырған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген қаралып отырған бұлтартпау шарасы ең қатал болып табылады, бұл сотқа дейінгі іс жүргізуді жүргізетін адамның және бұлтартпау шарасын санкциялаған соттың жауапкершілігін арттырады. Күзетпен ұстау түріндегі күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешкен кезде сотқа дейінгі іс жүргізуді жүргізетін орган оның конституциялық құқықтарын шектеумен байланысты емес өзге бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін әрбір ретте қарауы қажет. Себебі, қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі негізсіз айыптау мен соттаудан, адамның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауға бағытталған. Қылмыстық сот ісін жүргізуді «созу», оған қатысушылардың конституциялық құқықтарына қысым жасауға әкеп соқтыратын мысалдар қарастырған. Адамдарды күзетпен ұстау мерзімдерінің, олардың мерзімдерін қысқартуға бағытталған ықтимал өзгерістері ұсынылған. | күзетпен ұстау; күдікті; мерзімді ұзарту; қосымша тергеу; қылмыстық істі қайтару; сот; прокурор; тергеуші; конституциялық құқықтар. |
10 | Уалиева Әсел Мухаметбекқызы | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР | Әлеуметтік кәсіпкерлік – қоғамдағы өмір сүру деңгейінің төмендігі мен кедейшілік, жұмыссыздық, маскүнемдік, әлеуметтік шиеленіс сияқты маңызды әлеуметтік проблемаларды шеше алатын салыстырмалы жаңа құбылыс. Әлемнің экономикалық дамыған елдерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің жоғары белсенділік деңгейіне шығарылды, ал Қазақстан Республикасында бұл институт салыстырмалы түрде жақында ғана орнады. Мақалада автор шетелдік тәжірибеге талдау жасап, отандық әлеуметтік кәсіпкерлікті жетілдірудің проблемалық аспектілерін анықтады. Жүргізілген SWOT-талдау нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың негізгі ұсыныстары тұжырымдалды: табыстың бір бөлігін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қайта инвестициялау жолымен бизнесмендердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; денсаулық сақтау, экология және басқа да салалар мәселелерін бір мезгілде шешу арқылы әлеуметтік кәсіпкерлердің қызмет саласын кеңейту; әлеуметтік кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдаудан дербестігін дамыту, себебі мемлекетке қаржылық тәуелділік экономикалық дағдарыстар, теңсіздіктің өсуі және т. б. кезеңдерде кейде арта түседі. | әлеуметтік кәсіпкерлік; қоғамдық мәселелер; кәсіпкерлік қызмет; әлеуметтік жауапкершілік; әлеуметтік кәсіпкер; әлеуметтік сала; SWOT-талдау; әлеуметтік проблема. |